Ақтөбедегі "СҚ-Фармацияда" заңбұзушылықтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі "СҚ-Фармацияда" заңбұзушылықтар анықталды © Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбедегі "СҚ-Фармация" жұмысында заңбұзушылықтар анықтады. Олар коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда сатып алынуы керек болған дәрі-дәрмектерге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбедегі "СҚ-Фармация" жұмысында заңбұзушылықтар анықтады. Олар коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда сатып алынуы керек болған дәрі-дәрмектерге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, "СҚ-Фармация" қызметкерлері қолда бар дәрі-дәрмектердің саны туралы, "Авифовир" вирусқа қарсы препараттың бар-жоғы туралы нақты мәліметтер бере алмаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aktobe adaldyk alany (@aqtobe_adaldyq_alany)

"СҚ-Фармация" Ақтөбе филиалының өкілі Нұрлан Жұбанышев препараттардың көбі ауруханада екенін айтты. Ссоңғы жеткізу қашан және қайда жүзеге асырылды және қандай көлемде деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

Соның салдарынан қоғам белсенділерінде төрт қалада (Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау) екі айлық дәрілік қорлардың нақты болуына қатысты күмән туындады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети