Ақтөбеде маусым айында "Паллада" қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысқан тоғыз адамды екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

"Ақтөбе қалалық №2 сотына "Паллада" қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысқан 16-29 жас аралығындағы 9 адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш келіп түсті", - делінген жауапта.
Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Ақтөбе қалалық №2 сотының тергеу судьясының қаулысымен бұл адамдарды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш қанағаттандырылды. 2016 жылдың 8 және 14 маусымында 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті ажам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды.