Ақтөбеде лаңкестердің қолынан 1947 жылғы Николай Александрович Онищенко есімді зейнеткер қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде лаңкестердің қолынан 1947 жылғы Николай Александрович Онищенко есімді зейнеткер қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шамамен күндізгі сағат 3-4 шамасында болды. Теледидарды қосқан кезде гүрсілдің дауысын естідім. Көлікке бірдеңе болған шығар деп балконға шықсам, әйнектің ұшып кеткенін көрдім. "Паллада" дүкенінің ішінен шыққандар барлығын атып жатты. Анық көру үшін ас бөлмесіне бардым. Сол кезде күйеуім келіп, көлікжайдың қасында тұр екен. Ар жақтан қуа бастағандықтан олар машинаға қарай жүгірді. Күйеуім абдырап қалды. Кеше ол 69 жасқа толатын еді, 5 маусымда оны өлтіріп кетті", - деді қаза тапқан зейнеткердің әйелі Галина Степановна.
"Бірнеше секундтан кейін оның жерде құлап жатқанын көрдім. Пышақты оның жүрегіне, кейін кеудесіне тыққан. Кейін тастап кетіп қалды. Барлығы өте тез болып кетті. Терезеден оған: "Коля, Коля..." деп айғайлаумен болдым", - деді әйел. Туыстары мен жақындары қаза тапқан зейнеткердің өте мейірімді, ақжарқын адам болғанын айтып, еске алды.
Жесір қалған әйелге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед көңіл айтты.
"Қазір біз бұл адамдарды ұстап, олардың көзін жою үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. Олар заң алдында жауап береді. Президент барлығын қатаң жазалауды тапсырды", - деді Сапарбаев.
"Нұрсұлтан Әбішұлы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айту үшін мені арнайы жіберді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта мұндай лаңкестерден, қылмыскерлерден ешкім сақтанбаған. Мемлекет басшысы мұндай адамдарды заңға сәйкес, жария түрде қатаң жазалауды тапсырды", - деді Құл-Мұхаммед.