17 қараша 2016 | 09:51

Ақтөбедегі теракт: Айыпталушылар өздерін Сирияға шақырып жатыр деп ойлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Ақтөбедегі теракт: Айыпталушылар өздерін Сирияға немесе Америкаға лаңкестік ұйымдастыруға шақырып жатыр деп ойлаған, - деп хабарлайды  "Диапазон".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбедегі теракт: Айыпталушылар өздерін Сирияға немесе Америкаға лаңкестік ұйымдастыруға шақырып жатыр деп ойлаған, - деп хабарлайды  "Диапазон".

24 қазаннан 9 қарашаға дейін барлық 66 жәбірленушіні 48 куәгерді және сотталушылардан эпизодтар бойынша жауаптар алынды. Сотталушылар өздерінің жауаптарында, кімнің қайда жиһад қйымдастыруға шақырғанын мәлімдеді.

Облыстық сот мәліметінше, 5 маусымда болған лаңкестік туралы айтпау себебін, өздері тұрып жатқан пәтерде террористтік топтың лидерлері Дмитрий Таңатаров және Арман Айтуғанның шақыртуын дұрыс түсінбеген. Сотталушылардың ойынша олар жиһадты Сирияда немесе Америкада жасаймыз деп түсінген. 

 

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети