Ақтөбедегі теракттан жарақат алған тағы бір адам Астанаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта ауруханада 6 адам ем алуды жалғастырып жатыр: Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасында - екі адам, Ақтөбе қаласы ІІД әскери ауруханасында - екі адам, Астана қаласы ІІД әскери ауруханасында - бір адам, ал Астана қаласының № 2 клиникалық ауруханасында - 1 адам", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы Сырым Сүндетов 5 маусымдағы әскери бөлімге шабуылдан кейін Ақтөбе қаласының санитарлық авиациясынан Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургиялық орталыққа жеткізілген болатын. Кейіннен оның Астана қалалық №2 ауруханаға ауыстырылғаны хабарланған еді.
Ақтөбе қалалық Денсаулық басқармасының мәліметінше, 5-13 маусым аралығында Ақтөбе ауруханаларына 40 адам жеткізіліп, олардың төртеуі - облыстық ауруханаға, 34-і - жедел медициналық көмек ауруханасына, екеуі - теміржол ауруханасына жеткізілген. Айта кетейік, осы уақыт аралығында ауруларды қабылдау бөлмесіндегілер 17 науқасқа амбулаторлық ем алу бойынша кеңес берді.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Алла шипасын берсін! Дәрігерлердің арқасында қаншама жандардың өмірлері құтқарылып қалды. Бұл жағдай қайталан көрмесін, Елбасы БҰҰ-на да әлем болып терроризммен күресу жөнінде айтқан еді, сол бір нәтижесін берсе екен.