Ақтөбедегі терактіден жарақат алған сарбаздың анасы баласының әскердегі қызметін жалғастыруына қарсы еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәмила Құсайынова әскери бөлімде өтіп жатқан қазалы митингке келіп, қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

"Менің ұлым Еламан Жанділда мұнда келісімшартпен үш жылдан аса уақыт қызмет етті. Қазір ол ауруханада жатыр, ол менің алты баламның ең үлкені", - деді ол.
Жәмилә Құсайынованың айтуынша, баласы өкпесіне зақым алған. "Оны ауруханадан қашан шығаратыны әлі белгісіз. Сол күні ол кезекші болған еді. Мен өзім Қызылорда облысынанмын, маған сол күні баламның жарақат алғанын айтты. Ол қазір 21-де", - деді әйел. "Мен ауруханада болдым. Ол қазір сөйлей алмайды. Оның тірі қалғанына қуанамын. Егер ол әскердегі қызметін жалғастырғысы келсе, бара берсін", - деді анасы.
Сонымен қатар, әскери бөлімде өткен қазалы митингке Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келді.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.