Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған төрт адам ауыр жағдайда жатыр - Дүйсенова

08 Маусым 2016, 13:04
0
Ақтөбедегі медициналық мекеме. © Tengrinews.kz
Ақтөбедегі медициналық мекеме. © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған төрт адам ауыр жағдайда жатыр. Мұндай мәліметті Парламенттің үзілісінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше әкім жедел медициналық көмек ауруханасы бойынша хабарлады - бізде 9 адам ауыр жағдайда болды. Қазір төртеу. Құдайға шүкір, бесеуінің жағдайы түзелді. Қазір төртеуіне бақылау орнаттық. Олардың денсаулығын бақылап отырмыз, жағдайлары түзеледі, барлығы жақсы болады", - деді министр.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндаған еді. "13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі", - деді Жұмақанов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай