Ақтөбедегі теракттан кейін қалалардағы қару-жарақ дүкендері жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракттан кейін қалалардағы қару-жарақ дүкендері жабылды

Ақтөбедегі теракттан кейін Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларындағы қару-жарақ дүкендері жабылды, кіреберістеріне күзет қойылған, сонымен қатар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқаны байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысындағы қару-жарақ дүкендеріне күзет қойылды. Бүгін Ақтаудағы төртінші ықшамаудандағы ірі қару-жарақ дүкенінде полицейлер күзетте тұр. Дүкеннің өзі жұмыс істемейді, алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше күн бойы жабық болады. Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері бұл жағдайға байланысты пікір білдірмей отыр, мәлімет кейінірек беріледі.

Tengrinews.kz тілшісіне Алматыдағы  "Робинзон" және "Қорған" дүкендеріндегілер бүгіннен бастап жұмыс істемейтінін, жұмыстың қашан жалғасатыны белгісіз екенін хабарлады. 

Астана, Орал және Атырау қалаларында да қару-жарақ дүкендері жабық. Атыраудағы дүкендерді полиция күзетіп отыр. Кейбір дүкендердің телефоны жауап бермейді.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети