Ақтөбеге жаңа автобустар келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде.

Облыс әкімі Асхат Шахаров автопаркте болып, қоғамдық көлік жүйесімен танысты.

Автопарк қала бойынша 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 331 автобус шығады. Былтырғы жылдан бері мекеме қоғамдық көліктерін жаңартуда. Екі жыл ішінде жаңа автобустар саны жүзге жетті. Бүгін жеткізілген 25 автобус №14, 22, 24, 26 және 42 бағытқа шығарылады, осылайша жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Аталған қоғамдық көлік "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылай қолдауымен сатып алынды.

"Yutong" маркалы автобустар Қарағанды облысының Сарань қаласында шығарылады. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге. Ыңғайлы әрі сыйымды қоғамдық көлік 80 адамға арналған, кез-келген климаттық жағдайларда төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.

"Ақтөбеде 46 бағыт бойынша жолаушыларды төрт кәсіпорын тасымалдайды. Біз олардың автопаркін біртіндеп заманауи көлік құралдарымен жаңартып жатырмыз. Наурыз айында 30 жаңа автобус алдық, бүгін 25 және қараша айының соңында тағы 25 автобус келеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау, қаламыздағы қоғамдық көлік сапасын жақсарту – басты мақсат. Жаңа автобустар ескі көліктерге түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жергілікті автопарктің жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Ақтөбе қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer