Ақтөбелік ардагер өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқанын сот арқылы дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбелік ардагер өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқанын сот арқылы дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәжіғалиев соғыс кезінде Австрия, Чехославакия, Венгрия, Польша елдерінде әскери қызмет атқарған. КСРО Жоғарғы Кеңесі 1945 жылы 9 мамырда оған "1941-1945 жылдары Германиямен болған соғыста жеңіске жеткені үшін" медалін табыстаған. Соғыстан кейін оның аты-жөні ұлттық дәстүрге сәйкес өзгертіліпті. Сондықтан да ол осыған дейін тыл қызметкері ретінде ғана жәрдемақы алып, Жеңістің 70 жылдығына берілген барлық сыйлардан қағылған.
Сот ардагер Тәжіғалиевтің 2005 жылдан бері Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ҰОС қатысушысы екенін дәлелдеу үшін бірнеше рет арыз жазғанын анықтады. Дегенмен оның барлық арызы қабылданбады. "Сот мемлекеттік органға Тәжіғалиевтің құқығын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.