Сот "Қара жорға" арағын өндірушіні ақтөбелік биші қыздың суретін рұқсатсыз қолданғаны үшін кешірім сұрауға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әлия гүлі" ансамблі мүшесінің өкілі Сергей Вонға сілтеме жасап.

Өндіруші өз өнімінің этикеткасында биші Гүлназ Айнабекованың фотосуретін қолданған. Ол сурет жергілікті басылымда жарияланған жерінен алыныпты. "Алкопищепром" ЖШС өкілдері этикеткада фотоның орналастырылуы дизайнердің қателігі деп мәлімдеді.
Айнабекова өз суретінің арақ өніміне қолданылмауын және осындай таңбасы бар барлық өнімнің саудадан алынуын талап етті. Қыздың талап етуі бойынша компания одан ресми кешірім сұрап, үш миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс.
Сот Айнабекованың талабын ішінара қанағаттандырды. "Алкопищепром" ЖШС-не саудадан бишінің суреті жапсырылған барлық өнімді тәркілеп алу міндеттелді, сонымен бірге, компания Айнабекованың фотосуретін оның келісімінсіз пайдаланғанын мойындап, жазбаша кешірім сұрауы керек. Сот талап етілген моральдық шығын көлемін 30 мың теңгеге дейін азайтты. Құзырлы органның шешімі 15 күннен соң күшіне енеді.