05 наурыз 2019 08:01

Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айырылған жігіттің туыстарын іздеп жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған 30 жастағы жігіттің туыстары мен таныстарына іздеу салып жатыр. Науқастың облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқанына үш айға жуықтаған, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 


Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған 30 жастағы жігіттің туыстары мен таныстарына іздеу салып жатыр. Науқастың облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқанына үш айға жуықтаған, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Ақ халаттылардың айтуынша, Тимур Бахитов бұл жерге желтоқсан айында жеткізілген. Ол өзі жайында аты-жөнінен басқа ештеңе білмейді. Бұған дейін де оны үсік шалып, аяғының басы кесілген екен. Ал, бұл жолы тізесіне дейін кесуге тура келген. Оның соңғы жылдары жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп шыққаны белгілі болған. Жуық арада туыстары табылмаса, мүгедектер үйіне жіберіледі. Дәрігерлер қазір қажетті құжаттардың дайындалып жатқанын айтады.

"Ешкім іздемейді, осы уақытқа дейін ешкім келген жоқ. Өзі есін дұрыс білмейді. Сұраққа жауап бермейді. Егер де бұл адамды білетіндер болса, хабарласуыңызды сұраймыз", - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының мейірбикесі Салтанат Рахметова.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети