27 қазан 2018 11:48

Ақтөбелік инженер бірегей өрт сөндіру қондырғысын ойлап тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Ақтөбеде инженер, мұғалім Амидулла Құрманбаев орманды дала өрттерін сөндіруге арналған қондырғы ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" сайтына сілтеме жасап. 


Ақтөбеде инженер, мұғалім Амидулла Құрманбаев орманды дала өрттерін сөндіруге арналған қондырғы ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" сайтына сілтеме жасап. 

Өнертабыстың ерекшелігі, ол суды қажет етпейді. "АРАТ" өртті топырақпен өшіреді. "Топырақты 10-15 метрге дейін шашуға болады, - дейді "Технопарк Zere" ЖШС басшысы міндетін атқарушы Нұрлан Алдамжаров. - Мен бұл құралмен ресейлік-қазақстандық төтенше жағдайлар оқуына қатысқанмын. Оны пайдалану оңай, бір адам басқара алады, су бітіп қалады деп алаңдаудың қажеті жоқ". 

Өнертапқыштың айтуынша, әзірге ода патент қана бар, бірақ аккредитация ала алмай жүр екен. Ол өртті сумен немесе көбікпен өшіретін техникаға жатады. Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы бұл мәселені бақылауға алыпты. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети