01 сәуір 2019 09:22

Ақтөбелік жұмыс беруші алты жыл бойы пәтер жағалап жүрген жұмысшысына пәтер алып бермек

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аktobenews.kz © Аktobenews.kz

"Ақтөбемұнайгазқұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өзбекстаннан көшіп келген көпбалалы әке Қанат Садықовқа үш бөлмелі пәтер қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі Ақтөбе қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 


"Ақтөбемұнайгазқұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өзбекстаннан көшіп келген көпбалалы әке Қанат Садықовқа үш бөлмелі пәтер қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі Ақтөбе қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қазір Қанат отбасымен Ақтөбе қаласындағы Сүт зауыты ауданында айына 40 мың теңге төлеп, пәтер жалдап отыр. Төрт балалы әкенің жағдайына бей-жай қарамаған жұмыс беруші Серік Естемісов бұл отбасыға жанашырлық танытып, аумағы 140 шаршы метр көлемде үш бөлмелі пәтер алуға ниет танытыпты. Бүгінде компания қызметкерлерімен бірге Қанат отбасына ыңғайлы жерден пәтер іздестіріп жүр.

"Өзбекстаннан көшіп келгенімізге алты жылдан астам уақыт болды. Содан бері пәтер жалдап тұрамыз. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алдық. Төрт баламыздың алды колледжде оқиды, кенжеміз - екінші сынып оқушысы", - дейді Қанат Садықов.

"Балаларымыз Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектепте оқитындықтан, пәтерді осы маңнан іздестіріп жатырмыз", - деген Қанаттың зайыбы Гүлбахар Кенебаева елімізде көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдіріп, баспана алуға жағдай туғызған компания басшылығына шексіз алғысын айтты.

Облыста он жылдан астам уақыттан бері инженерлік желілерді тартумен айналысатын Серік Естемісовтың компаниясында қазір сексеннен астам адам еңбек етеді. Маусым кезінде олардың саны 150-ге дейін жетеді.

"Қанат Садықов - жоғары білімді маман. Өз ісінің шебері, берілген тапсырмаларды өте сапалы орындайды. Nur Otan партиясының съезінде Елбасымыз әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға барынша қолдау көрсету жайында нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған байланысты өз жұмысшыларымыздың тұрмыстық жағдайына талдау жасау барысында, Қанаттың көпбалалы әке екенін, оның пәтер жалдап тұратынын ескеріп, ұжыммен ақылдаса келе Садықовтар отбасына үш бөлмелі пәтер алып беруге бекіндік. Бүгінгі күні отбасы иелерімен бірге өздеріне ыңғайлы жерден жалпы ауданы 140 шаршы метрлік пәтер іздестіріліп жатыр. Бір аптаның көлемінде бұл мәселені шешеміз", - деді Серік Естемісов.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін үнемі назарда ұстайтын компания басшылығы түрлі қайырымдылық шараларда да төбе көрсетеді.

"Өзіңнің жасаған жақсылығыңды жасыр, басқалардың жасаған жақсылығын асыр" деген ұстанымды бойына сіңірген кәсіпкер мүмкіндігіне қарай мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге тырысатынын әрі осындай игі істен өзгелердің де шет қалмағанын қалайды.

Айтпақшы, Садықовтар отбасы үшін тағы бір қуанышты жағдай - жақын аралықта Қанат жұмысында шебер атанбақ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети