13 желтоқсан 2016 | 00:17

Ақтөбелік кәсіпкер қала ортасындағы өзі салған шағын хайуанаттар бағын сүріп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Uslugi.kz © Uslugi.kz

Ақтөбелік кәсіпкер қала ортасындағы өзі салған шағын хайуанаттар бағын сүріп тастады, - деп хабарлайды КТК арнасы. Шенеуніктерге өкпелеген кәсіпкер сот шешімін күтпестен осындай қадамға барған. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік кәсіпкер қала ортасындағы өзі салған шағын хайуанаттар бағын сүріп тастады, - деп хабарлайды КТК арнасы. Шенеуніктерге өкпелеген кәсіпкер сот шешімін күтпестен осындай қадамға барған. 

Осыдан он жыл бұрын ашылған хайуанаттар бағы әкімдіктегілерге бір күнде ұнамай қалыпты. Қала көркін кетіріп тұр деген желеумен ақыры сотқа арызданған. Олармен дауласып жатуды жөн көрмеген бизнесмен тұрғындар үшін тегін ұйымдастырылған шағын зообақты ақыры жоқ қылды. Ал онда тұрған керік пен басқа да жануарларды қала сыртындағы жылы қорасына қамапты. Олардың ендігі жағдайы қалай болатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, шенеуніктерге хайуанаттар бағынан өзге кәсіпкер Борис Байжарқыновтың өз ақшасына тұрғызған ескерткіші де ұнамай қалған. Олар тәуелсіздік монументінің көшірмесіндегі алтын адам бетін құбыладан көшеге қарай бұруды сұраған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети