10 желтоқсан 2016 | 15:50

Ақтөбелік лаңкестерге қатысты үкім шығарған судья қанды оқиғаның хронологиясын баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадрлары Видеоның кадрлары

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ахметқали Молдағалиев Ақтөбеде маусым айында болған терактінің жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ахметқали Молдағалиев Ақтөбеде маусым айында болған терактінің жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Facebook әлеуметтік желісінде жария болды. Онда судья маусымдағы терактінің хронологиясын айтады. Ол маусымдағы террористік шабуылдың қалай басталғанын, оны кімдердің ұйымдастырғанын, шабуылдардың барысында құқық қорғау органдарының қалай әрекет еткенін баяндайды. Видео барысында қанды оқиғаның суреттері мен видеолары, сонымен қатар лаңкестердің қалада және қала сыртында қандай бағыттарда қозғалғаны көрсетілген инфографикалар қойылады. 

"Айта кетейін, болып өткен оқиғалар сауаты аз жастардың шетелдік діни радикализм идеологтарының әсеріне түсіп қалғандығынан болды. Сауатсыздық және адамның өзге әлсіздіктері, біреудің әсеріне түсіп қалу қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды", - деп ескертеді видеоның соңында Молдағалиев.

Айта кетейік, қылмыстық іс 201 томнан тұрды. Осы іс бойынша 215 түрлі сот-медициналық сараптама мен 26 тергеу жұмыстары жүргізілген. Облыстық прокуратурадағылардың келісіміне сәйкес, күдіктілерді қамау мерзімі 4 айға дейін созылған. Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғады. 48 адам куәгер ретінде қатысса, 88 адам зардап шеккендер ретінде сотқа шақырылды.

Сот үкіміне сәйкес, Азамат Әбдірахманов 20 жылға, Айдос Жұбанов 22 жылға сотталды. Сотталушылар Ж. Қуанышбаев, Ә. Ақпанбетов, Б. Қуанышбаев, А. Таңатаров, А. Рахметов, А. Садихов, А. Ималиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қылмысты жасырып қалған 18 сотталушы 2 жылдан 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскерлерді жасырған Мирлан Ердауов 4 жылға сотталды. Ал Үсен Өтепов 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Өмір бойы түрмеге қамалғандар ерекше режимдегі колонияда жазасын өтейді. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленді.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Лаңкестер  қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған. Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети