Ақтөбелік еріктілер ата-анасыз саяжайда тұрып жатқан алты балаға пәтер жалдап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбелік еріктілер ата-анасыз саяжайда тұрып жатқан алты балаға пәтер жалдап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ата-анасыз тұрып жатқан балалардың жағдайына бей-жәй қарай алмайтын адамдар белсенді түрде көмек беріп жатыр. Бір әйел оларды өз қолына алып тамағын беріп, жуындырып, содан кейін жиналған қаражатқа өздері оқитын мектептің жанынан бір айға пәтер жалдап берді. Осыған дейін Әкімдіктегілер балалардың анасы басқа қалада табыс табу үшін жүргенін мәлімдеген болатын. 42 жастағы үй отағасы бірнеше күн бұрын инсульт алып ауруханаға түскен. Осылайша ең кішкентайы алты айлық, ал үлкені 16 жастағы балалар жалғыз қалған.
"Бірнеше күннен соң әкелерін ауруханадан шығарады және балалар әкелерімен бола алады. Әзірге жалдамалы пәтерде тұратын болады. Содан кейін өз үйлерінің құрылысын жалғастырады. Аналары Таразда жұмыс істейді. Ол мүмкіндігі болған мезетте келетінін айтып отыр. Біз оларға көмектесіп жатырмыз, сол күннен бері жандарындамыз. Тамақ пен киімдер алып келіп жатыр. Балалардың дендері сау, өздерін жақсы сезінеді", - деп бөлісті ерікті Альбина Баянғали. Еріктілер құрылысы аяқталмаған саяжайдағы балалардың үйіне келді.
Шыныбековтер отбасына көмек көрсеткісі келетіндер мына волонтерлардың номеріне хабарласуына болады + 7 (775) 250 50 50 Дархан, + 7 (778) 505 40 40 Ерболат.