18 желтоқсан 2014 | 19:03

Ақтөбеліктер Ресейден келген көліктерді жаппай рәсімдеуге тырысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©facenews.kz ©facenews.kz

Ақтөбе облысының әкімшілік полициясында жүздеген тұрғын Ресейден әкелген автокөліктерін рәсімдеуге тырысып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город". Қалада Ресейден әкелінген арзан көліктер төңірегінде дүрлігу жалғасып жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімшілік полициясында жүздеген тұрғын Ресейден әкелген автокөліктерін рәсімдеуге тырысып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город". Қалада Ресейден әкелінген арзан көліктер төңірегінде дүрлігу жалғасып жатыр. 

Өңірге күн сайын шекаралас аймақтардан машиналардың ірі партиясы әкелініп жатыр. Әкімшілік полицияның мәліметінше, Ақтөбе облысына қараша айында Ресей автокөліктері көп әкелінді. Полицейлер 600-ден астам көлікті тіркеді, тағы 500-ге жуық өтініш қаралып жатыр. 

"Ресейдегі экономикалық ахуалға байланысты соңғы уақытта Ақтөбе облысының тұрғындары көрші елден автокөліктерді жаппай әкеліп жатыр. Олардың 60-70 пайызы - Орынбор, Самара, Челябинск облыстарынан", - деді Ақтөбе облыстық ІІД әкімшілік полициясының тіркеу бөлімшесі бастығының орынбасары Омархан Сансызбаев. Айта кетейік, жергілікті автосалондар сатып алушыларды қайтаруға тырысып жатыр. Көліктердің кейбір маркаларының құны 500 мың теңгеге дейін арзандатылған. 

Бұған дейін Ақтөбеде Ресейден көлік тасымалдаушыларға рэкетирлер шабуылдай бастағаны хабарланған болатын. Қазақстанның жүргізушілерін олар сары түсті транзит нөмірлері бойынша алыстан оңай ажыратады. Ресейден көлік таситын адамдардың айтуынша, тонаушылар көліктерді қарсылықсыз беруді талап етеді, егер бұған келіспесе, ұрып-соғып, тартып алады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети