Ақтөбеліктер Сапарбаевты Астанаға қалай шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеліктер Сапарбаевты Астанаға қалай шығарып салды видеодан үзінді

Ондаған ақтөбелік тұрғындар облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін әуежайға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ондаған ақтөбелік тұрғындар облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін әуежайға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе тұрғындары бұрынғы өңір басшысымен қоштасу үшін әуежайға келді. Олар бұрынғы әкіммен құшақтасып, суретке түсіп, гүл сыйлады. Кейбіреулер қолтаңбасын сұрады, ал ақсақалдар оның иығына шапан жапты.

Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, жас белсенділер, мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының өкілдері және қарапайым тұрғындар келді. Бердібек Сапарбаевтың құрметіне ақындар оның халық алдындағы еңбегі, игі істері, мұқтаж жандарға көмегі жайлы авторлық әндер орындады.

"Мен Ақтөбе облысында көп істемедім, бірақ қала мен адамдарына үйреніп қалғанымды мойындау керек. Мені шығарып салуға осынша тұрғын келеді деп күткен жоқпын, барынша тырыстым. Бірақ сіздердің қолдауларыңызсыз ешқандай нәтиже болмас еді. Барлығына үлкен рахмет!"- деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Бердібек Cапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Премьер-министр Асқар Мамин облыс активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети