Ақтөбеліктер төтенше жағдай кезінде үйлену тойын өткізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеліктер төтенше жағдай кезінде үйлену тойын өткізген © pixabay.com

Елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Ақтөбеде үйлену тойын өткізгендер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің өкілі Ерболат Сарқұлов айтты. 


Оның айтуынша, облыс бойынша 74 ережебұзушылық анықталған.

"Ереже бұзатындардың көбі түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп жатқан кафе мен дүкендердің иесі. Оған қоса, олар маска тақпайды, адам көп жиналатын іс-шаралар ұйымдастырады. Тыйым салынғанына қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды. Бұл Қарғалы ауылында болған. Мейрамхана иесіне 26 500 теңге айыппұл салынды", - деді Сарқұлов.

Полиция өкілі мұндай жағдайдың осымен екінші рет тіркелгенін айтады.

Айта кетейік, ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны  336 адамға жетті.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 336 науқас тіркелді", - делінген еді хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +24
Атырау +30
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +22
П
Павлодар +19
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +27
Тараз +32
Түркістан +23
О
Орал +20
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер