16 қыркүйек 2020 07:46

Ақтөбеліктерге тегін сәбіз жинауға кедергі келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Ақтөбе тұрғындарына тегін сәбіз жинауға кедергі келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Ақтөбе тұрғындарына тегін сәбіз жинауға кедергі келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде шаруа сәбіз еккен. Кейін оның қала тұрғындарына тегін берілетіні хабарланған. Бірақ егін иесі мұндай сұраныс болатынын күтпеген.

Желіде біреудің трактормен келіп, сәбізді көміп жатқан видеосы жарияланды. Ролик авторы трактордың келгеніне көңілі толмай тұр.

"Адамдар жинап алсын деп далаға тегін тастады ғой. Ешкімге керек емес. Тегін тарата бастап еді. Полицейлер келді де, трактормен жерге көміп жатыр. Бәрі адамдар алмасын деп", - деді видео авторы.

Полициядағылар шағымға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, сәбіз жинауға кедергі жасағысы келмеген. Оларды егіннің иесі шақырған және сәбізді көміп тастауды бұйырған.

"Полиция қызметкерлерінің бұл іске еш қатысы жоқ. "Пригородный" ЖШС басшылығы өз территориясында шіріген сәбізді әрі қарай кәдеге жарату үшін төгіп тастаған. Көкөніс жинауға келген азаматтар темекі тарта бастаған және ЖШС басшылығы түсіндіру жұмысын жүргізу үшін полицияның учаскелік инспекторын шақырды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети