Ақтөбенің үш тұрғыны Қазақстанның бас санитария дәрігерін сотқа берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбенің үш тұрғыны Қазақстанның бас санитария дәрігерін сотқа берді

Ақтөбе әкімшілік сотына елдің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовқа қатысты талап арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімшілік сотына елдің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовқа қатысты талап арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Ақтөбенің үш тұрғыны Киясовтың қаулысындағы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге жұмыс істеуге рұқсат бермеу туралы айтылғанға қарсы. Талапкерлердің айтуынша, санитария дәрігердің бұл талаптары заңсыз.

Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін ескеріп, ол даулы қаулыны елордада да шығарды, демек, істің өзі сол жерде қаралуы тиіс деп тапты. Сот талап арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети