"Актовегин" препаратына қатысты қорытынды 30 сәуірде шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Актовегин" препаратына қатысты қорытынды 30 сәуірде шығады Фото РИА

"Актовегин" препаратына қатысты сарапшылардың қорытындысы 30 сәуірде жарияланады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің мамандары хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Актовегин" препаратына қатысты сарапшылардың қорытындысы 30 сәуірде жарияланады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің мамандары хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде үш әйелдің өліміне себепші болған "Актовегин" препаратын тұрғындарға егуге тыйым салған болатын. Оған комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хаты себеп болған екен. Онда әлгі препараттың адам денсаулығына кері әсер еткендігі көрсетілген.

Ал болашақта бұл препараттың қолдану-қолданылмауына қатысты мәселе сарапшылар қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

"Актовегин" препаратын еліміз 1995 жылдан бастап қолданып келеді.

Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі 2013 жылдан бері 79 препаратты тiркеуге тыйым салған. Ал 2014 жылы екі препаратқа тіркеу куәлігі берілмеді. Бұған себеп препараттарды тіркеу барысында сараптау ұйымдарының талаптарының ескерілмегендіге болып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети