Актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға екінші рет кіре алмай қайтқанын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s

Белгілі актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға шекарадан өте алмағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға шекарадан өте алмағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса 3 тамызда түнде Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы Қарасу өткізу бекеті арқылы елге кірмек болған. Алайда шекарашылар оны өткізуден бас тартқан. Бибігүл Ақтанның айтуынша, бұл осымен екінші жағдай. Ол Қазақстанға осымен екі рет кіргізбей қойғанын айтып, шағымданды.

"Маған елге кіруге негіз жоқ деп айтты. Сонда барлық туысым Қазақстанда тұратыны, Алматыда туылғаным және ұлтым қазақ болғаны жеткіліксіз бе? Сұмдық, бұл мені қатты қынжылтты", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актриса (@bibigul_aktan_s)

Кейін Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында актриса Ресей азаматтығы бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанға қатты қажеттілік болса ғана кіруге болады. Мысалы, жақын туыстарына бару немесе медициналық тексеруден өту қажет болса.

"Алматыда туған ағам мен әпкем тұрады. Мен олардың туу туралы куәлігін және өзімдікін көрсетпек болғанмын. Бірақ мен ағам мен әпкем жақын туыстар санатына жатпайтынын білмедім. Оған ата-ана, әйелі/күйеуі немесе балалары кіреді екен. Сондықтан шекарашылар маған елге кіруге негіз жеткіліксіз екенін айтты. Мен оларды кінәламаймын, бұл олардың жұмысы. Өкінішке қарай, бұл менің осы сапарға дайындық барысында Қазақстанға кіру ережелерімен жақсы таныс болмағанымнан", - деді Ақтан.

Ол кейін Қырғызстанға оралған. Енді актриса қажетті құжаттарды рәсімдеуге тырысатынын немесе шетелде қалатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro