Қазақстандық актриса Жәния Джуринская Instagram-да жақында Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты іс бойынша қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаевты қолдап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық актриса Жәния Джуринская Instagram-да жақында Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты іс бойынша қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаевты қолдап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иә, біз жақын доспыз! Сіздерге мен оны жақтап жатқандай көрінетін шығармын. Иә, мен оны жақтап отырмын, себебі оны негізсіз қамап тастады. Бұл не үшін керек екенін түсінбей отырмыз.
Ол жерде кінәсіз адам жоқ! Барлығы кінәлі! Кінәлілерді заң бойынша әділетті жазалауды талап етеміз!
Жағдай былай: Мейіржанға 2018 жылы өзі танымайтын адамдармен (Құрманғалиев, Мансұров, Рахимов, т.б.) алдын ала сөз байласып, қауіпті қылмыстық топ ұйымдастырды деп ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша қылмыстық іс қозғамақшы. Олардың айтуы бойынша, ол қаржы пирамидасының құрушысы және жетекшісі. Шынымды айтсам, бұл маған күлкілі, мен ол адамды ұзақ жылдан бері білемін, танимын. Оның заң жағынан, қаржылық жағынан сауатсыздығын біліп отырып мына айтылғандардың (сауатсыздығы өзі үшін жау болды) мүмкін емес екенін біліп отырмын. Ол блогер, актер, сценарист, бірақ ол қаржылық пирамидалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұйымдастырушы емес, бұл жалған! Олар оны ұйымдасқан қылмыстық топ үшін 12 жылға түрмеге отырғызбақшы", - деп жазды актриса.
Джуринская вайнер мешіт салып, мұқтаж жандарға көмектесемін деген сөзге алданып қалғанына сенімді.
"Сауд Арабиясының "Мудараба" инвестициялық халал компаниясына сенгені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылады деу артық. Мейіржанға бұл жерге тек қаражат саласың, тендермен айналысамыз. Ал барлық жұмыспен заңгерлер мен қаржыгерлер айналысатынын, "Заман банк" кепіл болатынын айтқан. Әрине, бұл қаржылық пирамида деген сөз болмаған. Оны мешіт салып, мұқтаж адамдарға көмектесейік деген сөз тартады. Мейіржан бұрыннан намаз оқитын иманды адам ретінде халыққа көмек көрсетейін деген мақсатпен бұл компанияға 10 миллион теңге салады"- делінген жарияланымда.
Актрисаның айтуынша, ірі соманы салғаннан кейін компания өкілдері Төребаевты "шығармашылық топқа" шақырған. Сонымен бірге, олар қазан айында Mudarabah Capital қаржы пирамидасы деп танылғанын айтпаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2022 жылдың 10 ақпанында Алматы соты вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша күдікті деп таныды. Ал Төребаев пирамиданы құруға және басқаруға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Жақында Вайнер Mudarabah Capital компаниясының ұйымдастырушылары адамдарды алдап жатқанын білмегенін айтқан видео жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!