ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2021 | 16:26
Ақылға қонымсыз - депутат дозалар арасындағы аралықты ұзарту туралы
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші дозасын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуды сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші дозасын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуды сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Facebook-парақшасында жағдайға қатысты пікірін жариялады. Жамаловты Қазақстанда емдеу хаттамасына бас санитария дәрігері жауапты екені таңғалдырған.
Жамалов бас санитария дәрігері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сілтеме жасай отырып, "халықты міндетті түрде вакциналауды талап етуі мүмкін" дейді. Алайда "оның вакцинация процесінің емдеу хаттамасын өзгертуге құқы жоқ". Өйткені бұл "елдегі емдеу процесіне жауапты кем дегенде вице-министр немесе денсаулық сақтау министрі құзыретінде".
Сондықтан мұндай шешімнің заңдылығы туралы күмән туындайды, деп жазған Аманжан Жамалов.
"Бас дәрігер шешімін негіздеу үшін ресейлік профессор, академик және Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің 22 сәуірдегі мәлімдемесіне сілтеме жасаған.
Шын мәнінде, бұл оның "Спутник V" Telegram-арансындағы сөзінен алынған. Киясов мырзаның айтуынша, екі компонент арасындағы уақытты 45-тен 90 күнге дейін арттыру "халықты иммундауды едәуір жеделдетуге" мүмкіндік береді. Бұл - ақыл-ойды мазақ ету сияқты", - деді ол.
Сонымен қатар, ол жақында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің іс-әрекеті "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде емес, проктологтар әрекеті тәрізді ой қалдырады" деген еді.
"Ресейлік вакцина өндірушісінің барлық ресми құжатындағы ақпарат бойынша, вакцина дозалары арасы - 21 күн. "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 91,6 пайызды көрсеткен клиникалық сынақтар 21 күн аралығымен белгіленген.
Ресейде бұл аралық қатаң сақталады. Ерекше жағдайларда емдеуші дәрігер оны 42 күнге дейін ұзарта алады.
Бұдан бөлек Қазақстанда "Спутник V" тіркеу куәлігінің талаптары бар, онда екі дозаның арасындағы аралық кезең 21 күн деп көрсетілген. Егер ол бұзылса вакцина өндірушісі ықтимал салдары үшін жауап бермейді.
Ол жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі жауапты болады. Министрлік қандай жауапкершілікті өз мойнына алғанын түсіне ме?"- деп сұрады депутат.
Ол вакцина дозалары арасындағы аралықты ұлғайту "елеулі қауіп төндіретін" бірнеше себепті айтты:
1. вакцинаның 21 күннен аса аралықпен өткізілген ресми клиникалық сынағы жоқ. Тиісінше, дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы болжанбайтын жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, тіпті вирус мутациясы түрлеріне де;
2. аралықтың өзгеруі халықта сенімсіздік тудырады, бұл жаппай вакцинация қарқынына әсер етеді;
3. халықты жаппай вакциналау мерзімдері созылып жатыр. Парламент қабырғасында денсаулық сақтау министрі вакцинаның екі дозасын алған адам вакцинацияланған деп саналатынын растады. 2021 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның екінші компонентін 670 мың адам алды. Ал бұрын айтылған жоспарлар бойынша қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакцинамен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін ай сайынғы вакцинация жоспары 2 миллион адам болуы керек.
Еске салайық, мұның алдында қазақстандықтар вакциналаудан кейінгі 21-ші күні екінші компонентпен егіле алмай жатқанына шағымданған еді, өйткені жергілікті вакцина егу орындарында дәрігерлер бас мемлекеттік санитаряи дәрігерінің қаулысына сілтеме жасай отырып салудан бас тартқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также