13 мамыр 2021 17:54

Қазақстандықтар 21-ші күні вакцина салдыра алмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын 21-інші күні ала алмай жатқандарына шағымданды. Олар вакцинация пункттері бас санитария дәрігерінің қаулысына сілтеме жасап, өтініш қабылдаудан бас тартып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын 21-інші күні ала алмай жатқандарына шағымданды. Олар вакцинация пункттері бас санитария дәрігерінің қаулысына сілтеме жасап, өтініш қабылдаудан бас тартып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың шағымдары тарап жатыр. Дәрігерлер бас санитария дәрігерінің компоненттерді алу мерзімін 21 күннен 45 күнге дейін ұзарту туралы қаулысына сілтеме жасап, екпе жасаудан бас тартқан.

"Спутник-V вакцинасының бірінші компонентін 21 сәуірде алдым, екіншісі 14 мамырға жоспарланған болатын. Бірақ 30 сәуірде бас санитария дәрігерінің қаулысы шықты. Біз өтініш жазуға тырыстық (вакцинаның екінші дозасын алу үшін. - ескерт.). Бізден басқа жүзге жуық адам дәл сол күні (Mega сауда орталығында Сейфуллин-Мақатаев көшесінде) вакцина алуға тырысты. Бірақ өтініш қабылданбады. Олар бас санитария дәрігерінің соңғы қаулысын басшылыққа алады. 

Олардың мерзімінен бұрын екпе жасауға электрон жүйеде мүмкіндігі жоқ. Бұйрыққа қарсы вакцинация пункттерінде қызмет көрсете де алмайды. Тек уақытымды босқа кетіргенім және ондай жүздеген адам барын ескеру керек еді. Вакцинаны жоспарланған уақытында алу үшін Google-ге жүгіндім, бастапқыда 21 күннен кейін екені айтылған", - деп жазады Алексей Новохацкий Facebook-парақшасында.

Қазақстандықтардың айтуынша, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөздері дәрігерлер үшін ештеңе білдірмейді, өйткені қаулыда құжат түрінде көрсетілмеген.

"Мен сияқты қаншама адамның бас санитария дәрігерінен жаңа нұсқау күтіп отыруға уақыты жоқ? Бұл жағдайдың инфекция жұқтыру қаупін арттырмайтынына кім кепілдік береді? Жеке өзім вакцинаны нұсқаулыққа сәйкес алғым келеді, бұл процесс Спутник-V вакцинасын өндіруші елде қалай жүретініне ұқсас", - деді жаба авторы.

Мұндай шағымдар Қазақстанның басқа өңірінен де келіп жатыр.

ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын 21-інші күні де ала алатынын мәлімдеді.

"Күткісі келмейтіндер 21 күннен кейін келіп, екінші компонентті алады", - деді ол тілшіге.

5 мамырда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да ОКҚ онлайн-брифингінде COVID-19-ға қарсы вакцинасының екінші дозасын 21-нші күні алуға болатынын айтқан. Ол үшін алғашқы доза салдырған емханаға алдын ала барып, өтінім беру керек.

"21-інші күні алғыңыз келсе, бірінші дозаны салдырған тұрғылықты жеріңіз немесе вакцинация орны бойынша емханаға келесіз. Сізді міндетті түрде қабылдап, вакцина салып береді. Тек сіздің қалауыңыз біледі. Бірақ кем дегенде бірнеше күн бұрын барып, вакцинацияны ертерек алғыңыз келетінін ескерту қажет. Ешқандай құжат керек емес, тек алғашқысын алды деген", - деді Цой.

Алайда 6 мамырда Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта Қазақстанда вакцинация 45 күн аралықта екі кезеңде жүргізілетіні жазылған. 

"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі;", - делінген қаулыда.

Бұл ретте, құжатта екінші компонентті алу мерзімі неге өзгергені туралы ақпарат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети