14 мамыр 2021 08:22

Денсаумин 21-ші күні вакцинаның екінші компонентін ала алмағандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік өкілдері бас санитария дәрігерінің Қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға болады деп көрсетілгені айтылады.

"Екінші дозаны бірінші вакцинация жүргізілген жерден алу қажет екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны жасаушылардан, РҒА академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін және кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат алғанын еске саламыз", - дейді министрліктегілер.

Осыған байланысты "Спутник V" екінші компонентімен вакцинация мерзімі ұзартылған екен. Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 21-ден 45 күнге дейін ұлғайтылды, ал жалпы "Спутник V" екінші компонентімен 90 күн ішінде вакциналауға жол беріледі.

"Аралықты ұлғайту халықты иммундауды айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күштері вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін енгізу 12-14 күннен кейін антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін иммунитетке ие боллуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ші күні екінші компонентті ала алатыны айтылады.

Айта кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 45 күннен кейін вакцинация күнін есептемегенде - II компонентпен 0,5 мл дозада; бұл ретте жекелеген жағдайларда вакциналанушының өтініші негізінде II "Гам-КОВИД-Вак" компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге жол беріледі.

Қазіргі уақытта елдің медициналық ұйымдарында КВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті, деп есептейді ведомстводағылар. Бүгінгі таңда "Спутник V" вакцинасының қалдығы: бірінші компонент - шамамен 200 мың доза, екінші компонент - 220 мың дозадан астам. Бұдан басқа, халықты иммундау үшін БАӘ "Синофарм" компаниясымен бірлесіп шығарған 28 мыңнан астам доза отандық QazVac вакцинасы және 350 мыңға жуық доза Hayat-Vax вакцинасы бар.

"Осы аптада 400 мың дана көлемінде екінші компоненттің вакциналары келеді деп күтіледі. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және жеткілікті мөлшерде, тапшылық байқалмайтынын айта кету керек", - дейді ведомстводағылар.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандықтар вакциналаудан кейінгі 21-ші күні екінші компонентпен егіле алмай жатқанына шағымданған еді, өйткені жергілікті вакцина егу орындарында дәрігерлер бас мемлекеттік санитаряи дәрігерінің қаулысына сілтеме жасай отырып салудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети