"Ақымақ маймылдар": Шахтинскіде балаларды қорлаған мұғалімге қатаң сөгіс жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақымақ маймылдар": Шахтинскіде балаларды қорлаған мұғалімге қатаң сөгіс жариялады Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды "ақымақ маймылдар" деп атаған №6 орта мектептің мұғаліміне қатаң сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды "ақымақ маймылдар" деп атаған №6 орта мектептің мұғаліміне қатаң сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, этикаға жат мінез-құлық жасаған мұғалім білім беру жүйесінде 20 жылдан аса, ал №6 мектепте үш жылға жуық жұмыс істеп келеді. Ол 8 "В" сынып оқушыларын қорлап, ақымақ маймылдар деп атаған.

"Ішкі тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша, мұғалімге қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, жағдайды шешу үшін мектеп әкімшілігі ата-ана жиналысын өткізеді", - деді Шахтинск қаласының білім бөлімі қызметкерлері.

Жиналысқа мұғалімдер мен оқушылардың ата-анасы, сонымен қатар Педагогикалық этика кеңесінің мүшелері қатысады. Мұғалім оқиғаның себептерін түсіндіреді және этикаға жат қылықтары үшін кешірім сұрайды, деп хабарлады ведомство.

"Педагогикалық этика нормаларын сақтау және Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымында осындай жағдайлардың алдын алу үшін педагогикалық этика ережелерін сақтау мәселесін қарау үшін тұрақты отырыстар өткізіледі", - деді департамент өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды ақымақ маймыл деп атағаны хабарланған болатын. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети