14 мамыр 2014 | 16:14

Ақыртасқа ЮНЕСКО-ның назарын аудару керек - Алдан Смайыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдан Смайыл. Фото Тengrinews.kz Алдан Смайыл. Фото Тengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне және Шығыс моншасы мен Ақыртас қалашығына қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне және Шығыс моншасы мен Ақыртас қалашығына қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырсында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Алдан Смайыл тарихи жәдігерлерге қатысты алаңдаушылық білдіріп, Үкімет басшысының қаперіне салды.

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық мұражайына енген көне жәдігерлер Қазақстан мен Орта Азияның ғана емес, адамзаттық маңызға ие құндылықтар екені даусыз. ХІ ғасырға тиесілі Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелері және Шығыс моншасы мен Ақыртас қалашығы қараған жанды әрі қуантады, әрі күрсіндіреді. Қуантатыны – олар Ұлы Дала өркениетінің қайталанбас көркем үлгілері. Күрсіндіретіні – сол ғажайыптардың құпиясы әлі ашылып болған жоқ", - деді ол жолдаған сауалында.

Оның сөзіне қарағанда, қазір біз көне тарихымыздың сырына толық қанғымыз келсе, Ақыртасты мемлекеттік және халықаралық деңгейде жүйелі зерттеуіміз керек. Өкінішке қарай, бүгінде ол жағы кемшін түсіп отыр.  "Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жүрсеңіз, Ақшолақ теміржол бекетіне жетесіз. Оң қол жақта Алатаудың қарлы биіктері асқақтайды. Солардың сауырында құпиясы әлі күнге беймәлім тас қала мүлгіп жатыр. Ол туралы бұлыңғыр болжам көп. Осы жерде 1893 жылы болған шығыстанушы Лерх Ақыртасты буддалық монастырьге телісе, түркітанушы Бартольд несториандар кезеңінің құрылысына балаған", - дейді Алдан Смайыл.

Халық қалаулысының пікірінше, осының барлығына, соның ішінде Ақыртасқа ЮНЕСКО-ның назарын аударып, осы беделді ұйымның қорғауына алдыруға тиіспіз. Сондай-ақ, Ақыртасты зерттеуге халықаралық археология орталықтарын тарту қажет. Себебі тас қаланың тарихы тым әріге кетеді, оның құпиясы сонда ғана ашылмақ.

"Ақыртасқа бүгінде келушілер көп, республиканың шартарабынан, шетелдерден арнайы ат басын бұрушылар да аз емес. Олар қонатын үй республикалық бюджет арқылы салыныпты. Мұнда зерттеушілер мәжіліс құратын орын да бар. Қазірге жетпей тұрғаны екі нәрсе: Ақыртасқа Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистралінен 8 шақырымдық асфальт жол тарту керек. Содан кейін сумен қамтамасыз ететін скважина қазып берсек, ежелгі археология ескерткіші көптің игілігіне айналады, Таразда туризмнің дамуына ықпал етеді", - деді депутат Алдан Смайыл Үкімет басшысына жолдаған сауалында.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети