18 қаңтар 2022 | 18:00

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшелерінің бос орындарына байқау жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшес - проректор.


Иконка комментария блок соц сети

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі - проректор; Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшес - проректор.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - QS WUR жаһандық рейтингінде әлемнің үздік университеттерінің топ-200-іне кірген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны, сондай-ақ QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «"5 жұлдызға" ие болған Орталық Азия өңіріндегі бірінші және жалғыз жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғарғы немесе ЖОО-дан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 5 жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағандар;

3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) бекітілген үлгідегі өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса қызмет тізімі;

4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы;

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулығы туралы № 075/е үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар 2022 жылғы 18 қаңтардан бастап 6 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Конкурсты өткізу басшы позицияларға, оның ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде кандидаттарды іріктеу саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі бар рекрутингтік компанияны тарта отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Рекрутингтік компания директорлар Кеңесі бекіткен кандидаттарға қойылатын талаптарды басшылыққа алуы тиіс. Рекрутингтік компания үміткерлердің өтінімдерін, Директорлар кеңесінің отырысында қарау үшін, қабылдамауға құқығы жоқ.

Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 71, Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: 8 (727) 377-33-33 (21-21), +7707-225-09-63.

Үміткерлерге қойылатын талаптар туралы әр лауазым бойынша толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

"Құрметті ізденуші! Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет! Сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз және ғылым мен білімнің дамуына қосқан бірлескен үлесімізге үміттенеміз. Университеттің миссиясы мен құндылықтарын бөлісетін білікті басшылар мен қызметкерлер табысқа жетудің кілті деп санаймыз", - деп ЖОО хабарламасында айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети