Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: марқұмның отбасы адвокаттардан бас тартты

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: марқұмның отбасы адвокаттардан бас тартты Фото © Tengrinews.kz

Әл-Фараби даңғылындағы атышулы жол апатынан қаза тапқан Mercedes-Benz жүргізушісінің отбасы сотта мүдделерін қорғаған адвокаттардың қызметінен бас тартты. Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әл-Фараби даңғылындағы атышулы жол апатынан қаза тапқан Mercedes-Benz жүргізушісінің отбасы сотта мүдделерін қорғаған адвокаттардың қызметінен бас тартты. Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жазба заңгердің парақшасында 11 маусымда жарияланған.

"Бүгін Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша біз күткен процестік оқиға болды. Біз тегін мүддесін қорғаған жәбірленуші тарап қызметімізден бас тартты. Біз бұл шешімді құрметтейміз және сенім артқандары үшін алғыс білдіреміз", - делінген жазбада.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін өз өкілдері қызметінен марқұм 2003 жылғы К. есімді қыздың анасы да бас тартты. Әйел мұны отбасының сотталушыға ешқандай талап-арызы жоқтығымен түсіндірді.

Үш отбасы да Zeekr жүргізушісін кешірді

8 маусымда сотта жол апатынан қаза тапқан 2005 жылы туған қыздың анасы сөз сөйледі. Ол сотталушыны кешіргенін және оған қатысты материалдық та, моральдық та талабы жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін жол апатында көз жұмған тағы екі адамның туыстары – Mercedes-тің 1996 жылы туған жүргізушісінің және 2003 жылы туған жолаушы қыздың жақындары да осындай мәлімдеме жасап, Zeekr жүргізушісін кешіретіндерін айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.

Сотталушының өзі де кінәсін толық мойындайтынын айтты.

3 маусымда Мәжілістегі брифинг барысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов тараптардың татуласуы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша істің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді. Оның сөзінше, жәбірленуші тараптың ұстанымы айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік бермейді.

Айыптау актісі

Алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П., Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі рөлге мас күйде отырған.

Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.

"Жүргізушіге көлікті тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмірлермен басқаруға тыйым салынады. Алайда сотталушы әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жалған 100 QR 02 мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr 001 көлігімен келе жатып, шамамен сағат 3:30-да белгіленген жылдамдық режимін сағатына 80 шақырымнан асырып жіберген және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданбаған. Осылайша ол жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үнемі қауіп төндірген. Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: Mercedes-тің 1996 жылы туған жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.

Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.

Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?

Сондай-ақ прокурор сотқа айыптаудың негізі болған ресми сараптамалардың қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, сотталушы жеңіл дәрежелі мас күйінде болған, ал соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.

Сотталушы өзіне тағылған айыптың мәнін түсінетінін мәлімдеп, БАҚ-та суреті мен анкеталық мәліметтерін жарияламауды сұрады. Сондай-ақ ол істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты.

ҚР ІІМ видеосынан кадр

"Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі

Төрағалық етуші судья тараптардың басты сот талқылауын өткізу форматы туралы пікірін тыңдағаннан кейін, сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы оқиғадан кейін

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.

Тағы оқыңыз: “Үш адамның өмірі үшін 10 жыл тым аз“ - марқұмдардың жақындары Алматыдағы ірі жол апаты туралы

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама