30 шілде 2019 09:03

Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықтың шектелуі экологияға кері әсер етеді - сарапшы

Камила Долаева Журналист

Көлік тізгіншілерінің көбі Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесіндегі жылдамдықты өзгерту керек деген пікірде. Сарапшылар да темір тұлпар жай жүргеннен ауа ластанатынын айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айтуларынша, діттеген жерге ұзақ жетеді, оның үстіне кептелісте көп кідіреді.

Реклама
Реклама

"Демалыс күндері көлік аз, бірақ 60 жылдамдықпен жүресің.  Жалғыз мен ғана емес, елдің бәрі солай дейді. Өте ыңғайсыз", - дейді бір тұрғын.

"Негізінде жылдамдықтың 80 болғаны дұрыс қой. Жететін жеріңе тез барасың", - дейді келесі тұрғын.

Көлік саласының сарапшылары да жүргізушілермен келісіп отыр. Темір тұлпар жай жүргеннен керісінше ауа ластанады дегенді алға тартады олар.

"Әл-фараби даңғылы мен Сайын көшесінде ұзақ жүретін болсақ, көліктен шығатын зиянды заттар да көп болады. Бұл, бір. Екінші мәселе жүк тасушы көліктердің уақыты ақша тұрады. Егер 5-7 минут ұзақ жүрсеңіз, ол экономикаға әсерін тигізеді. Сондықтан жылдамдықты шектеу мәселесінде ойланған дұрыс", - деді Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram