Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылының бойында адам өліміне алып келген жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылының бойында адам өліміне алып келген жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл қылмыстық іс "Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғу" бабы бойынша қозғалды.
Полицияның нақтылауынша, қаза болған жеңіл автокөліктің жүргізушісі 1993 жылы туылған азамат болған. Ал оның жолаушысы - 21 жаста. Жол көлік оқиғасынан кейін жәбірленуші-жолаушы ауыр дене жарақатымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы әзірге белгісіз. "Кешенді шаралар жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалған. Тергеу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұл оқиға 21 мамыр күні кешке Әл-Фараби даңғылының бойында (Мұстафин мен Асқаров көшелерінің арасы) болған. Айта кетейік, сол күні кешке жаңбыр жауып, асфальт дымқыл болған. Ішінде екі жігіт болған Volkswagen Passat автокөлігі қоқыс таситын КамАЗбен соқтығысқан. Осының салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған, ал қасындағы жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Жолаушыны қирап қалған көліктен шығарып алу үшін құтқарушылар шақырылған.
Көлікпен соқтығысатын кезде қоқыс таситын КамАЗ жүріп келді ме, әлде жол жиегінде тоқтап тұрды ма, ол жағы түсініксіз. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасының қалай орын алғанын қазір тергеушілер анықтауда. Бұл туралы ақпарат әлі әртүрлі айтылуда. Қоқыс таситын КамАЗ сол қатарда жүретін бөлікте жарық белгілерінсіз тұрған. Енді басқа дерекке сүйенетін болсақ, жүк көлігі жол жиегін жағалай қарама-қарсы бағытқа жүріп келген екен. Сонымен бірге Volkswagen автокөлігі қандай жылдамдықта жүргені де белгісіз қалып отыр.