Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфвльтбетон жабынын төсеуге байланысты 1-3 шілде аралығында кешкі сағ. 22:00 мен таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта Абай көшесінің Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Батыс бағытта жол қозғалысы Абай даңғылының оңтүстік бөлігі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қонаев көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелетін болады.

"Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

​Асфальт жабынын төсеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысындағы жолайрықтың тоннель бөлігінде 28-30 маусым аралығында кешкі сағ. 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағытта Қожабеков, Науаи және Гагарин көшелерімен ұйымдастырылады.

Маңайдағы көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети