16 қыркүйек 2022 | 10:56

"Әлі оқи алмайды". Түркістан облысында оқушылар төрт ауысымда оқуға мәжбүр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр. Ескі ғимаратта 700-ге жуық балаға арналған небәрі 10 кабинет бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр. Ескі ғимаратта 700-ге жуық балаға арналған небәрі 10 кабинет бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Нұрлыжол ауылындағы мектеп оқушылары 1970 жылдары салынған бұрынғы студенттік жатақханада оқиды. Ғимарат содан бері жөндеу көрмеген. Ауылда балалар көбейіп, төрт ауысымда оқуға мәжбүр.

"Үлкен ұлым таңғы сегізде мектепке барады, екіншісі - 12-де, үшіншісі түскі екіде оқиды. Ал төртіншісі, кіші қызым екінші сыныпта оқиды. Ол мектепке төртте барады, үйге сағат 7:30-дан кешкі 8-ге дейін келеді. Сабақтар 32 минуттан, өйткені орын жетпейді, уақыт та. Кейбір балалар әлі оқи алмайды, өйткені оларды оқыту керек, бірақ орын жоқ", – дейді тұрғын Ботагөз Медешова.

Мұнда 700-ге жуық оқушы және 70 қызметкерге арналған 10 кабинет бар. Сыныптар парталар мен орындықтарға толы. Сонымен қатар, ұстаздар мұндай жағдай үшін өздері де жазаланып жатқанын айтып шағымданды.

"СЭС мектеп стандартқа сай емес дейді. Тақталар мен парталар тесілген, мектеп алдында асфальт жоқ. Оған мұғалімдер не істей алады? Олар өз қаражатына мектеп алдына бетон құйып, шатыр жасады. Қолымыздан келгенін істеп жатырмыз, жақында 670 мың айыппұл салды. Мұны бәріміз өз ақшамызбен төледік. Жақында сертификаттау келеді, яғни қайтадан жазалайды. Өйткені стандарт бойынша бәрін жасап шығу мүмкін емес", – дейді ұстаз Бекан Бекназаров.

Мектептегі асхана ғимаратын акт залы мен спорт залы ретінде пайдалануға мәжбүр. Ескі тақталар, үстелдер, орындықтар сақталатын қойма да осында. Оларды көрші ауылдардағы мектептер шығарып тастаған, оны осы мектепте жөндеп, пайдаланып жатыр.

Ауыл тұрғындары жеті жылдан бері билікке барып жүр. Тіпті, жаңа мектеп салу үшін жер беруге де дайын. Бірақ бәрі ескі құжаттарға байланысты.

Шенеуніктер студенттер мен ұстаздардың азабы жақын арада аяқталады деп сендірген. Аудандық адами даму бөлімі көптен күткен құрылыс жұмыстары биыл басталады деп сендірді. Мердігер компания анықталып, оған 10 миллион теңге бөлініп, қазанда жұмысқа кіріседі. 300 орындық білім ошағына барлығы 1 миллиард 151 миллион теңге жұмсалады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети