Продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында растады.

"Бұл дерек Т.Т.Алагөзовке қатысты 19.10.2017 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі ("Өзiнше билiк ету") бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы қылмыстық іс бойынша 17.09.1969 жылғы Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынды", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түрксіб аудандық ІІБ ТБ қызметкерлерінің істің барлық мән-жайын әділ, толық әрі әржақты зерттелуін қамтамасыз етіп жатқаны айтылады. Ал одан кейін қорытынды процесстік шешім қабылданады.