Алаяқтықпен айналысатын сайт "Астана Опера" қойылымдарына жалған билеттер сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтықпен айналысатын сайт "Астана Опера" қойылымдарына жалған билеттер сатып жатыр © astanaopera.kz

Интернет желісінде "Астана Опера" МОБТ спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сату бойынша алаяқтықпен айналысатын сайт пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет желісінде "Астана Опера" МОБТ спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сату бойынша алаяқтықпен айналысатын сайт пайда болды.

Театрдағылардың айтуынша, https://astana-opera.kz/ жалған сайтынан билеттер алған елорда тұрғындары алаяқтардың құрбаны болғаны туралы хабарлаған. "Астана Операның" басшылығы баршаны сақ болып, билеттерді тек театрдың https://astanaopera.kz/ ресми сайтынан сатып алуға шақырды, себебі сол билеттер ғана жарамды болып табылады.

"Қазіргі уақытта орын алған жағдайды заң шеңберінде тұрақтандыруға бағытталған әрекеттер мен жалған сайттың иелерін анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдануда", - деп атап өтті театр дирекциясы.

Айта кетейік, опера және балет өнеріне деген қызығушылық жыл санап артып келеді және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының барлық қойылымдары үлкен аншлагпен өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети