23 қыркүйек 2022 | 14:40

Алакөл ауданында тұрғындар санитариялық эпидемиологияның қорытындысыз ауызсу ішкен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Алакөл ауданында 2022 жылы 39 000 астам аудан азаматтарының заңды құқықтары қорғалды. Азаматтардың құқықтары әртүрлі бағытта қорғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратураға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алакөл ауданында 2022 жылы 39 000 астам аудан азаматтарының заңды құқықтары қорғалды. Азаматтардың құқықтары әртүрлі бағытта қорғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратураға сілтеме жасап. 

Прокуратураның басты міндеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

"Алакөл аудандық прокуратурасы ҚР-ның Президенті мен Бас прокурордың тапсырмалары мен нұсқауларын орындау барысында бірқатар нәтижелі жұмыстарға қол жеткізді. 2022 жылы 39 000 астам аудан азаматтарының заңды құқықтары қорғалды. Оның ішінде 7 642 кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары қорғалды. Яғни, білім беру мекемелеріндегі адам денсаулығына зиян сынабы бар істен шыққан люменицент шамдардың ұзақ уақыт заңсыз сақталуы бойынша", - делінген прокуратура таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар, уәкілетті органмен ҚР-ның Су кодексінің талаптары сақталмай, санитариялық-эпидемиологияның қорытындысыз аудан азаматтары ауызсуды пайдаланылып келгені анықталды.

Алайда, аудан прокуратурасымен дер кезінде тиімді шаралар қабылданып, прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, санитариялық эпидемиологияның оң қорытындысы алынып, 29 093 аудан азаматтарының заңды құқықтары қорғалды.

"Бас прокурор кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және олардың қызметіне заңсыз араласу фактілерін тоқтатуды төмен тұрған прокурорларға жете назарға алуды тапсырды. Уәкілетті органдармен жеке кәсіпкерлерді заңсыз тексеру фактілері анықталып, аудан прокуратурасымен 4 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесімен аудан аумағындағы 94 жеке кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалып, уәкілетті органдардың қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан прокуратурасымен кәсіпкерлердің заңды құқықтары бұзылмауын қатаң бақылауға алып, ол бойынша күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізеді", - делінген құзырлы органның хабарламасында. 

Прокуратураның басты мақсаты азаматтардың Конституциямен белгіленген заңды құқықтарын қорғау.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети