Алакөл демалушылар үшін жабық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөл демалушылар үшін жабық Фото Юлия Чернявская

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлі демалушылар үшін жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлі демалушылар үшін жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үржар ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылғаны белгілі болды.

"2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданындағы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалу және тұру үшін келетіндерді қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушылар жолдама мерзімі біткенше демалыс базаларында қалуға болады", - делінген хабарламада.

Үржар ауданының әкіміне, аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап демалыс аумағына кіретін жолды жабу және Алакөл көліне апаратын жолға мобильді бекет қою, күн сайын қоғамдық тәртіпті патрульдеу жүктелді.

Көл қашанға дейін жабық болатыны белгісіз. Құжатта шектеу шараларының мерзімі мен режимі аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты болатыны хабарланған.

Сонымен қатар, Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады. Одан бөлек, 22 шілдеде Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылатыны хабарланған. Одан бөлек, карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети