25 қаңтар 2023 17:46

Алакөлде зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Алакөл ауданында зейнеткерлерге банк қызметін ұсынған алаяқ әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алакөл ауданында зейнеткерлерге банк қызметін ұсынған алаяқ әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөліміне банктің қызметкерімен өзгелердің атынан несие рәсімдегені туралы шағым келіп түскен. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғаны: сотталушы 2020-2022 жылдары аралығында банктен несие рәсімдеуге және ай сайынғы төлемді төлеуге келген азаматтардың сенімдеріне кіріп, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену қылмыстық ойымен 16 жәбірленушінің (оның ішінде 11-і зейнеткер) атына заңсыз несие рәсімдеген. Сонымен қатар, рәсімделген несиелерді алаяқтық жолмен жәбірленушілердің есеп шоттарынан шешіп, өзінің жеке басының пайдасы үшін жұмсаған", - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасының аталған қылмыстық іс бойынша үйлестіру іс-шараларының негізінде қылмыстық іс Алакөл АПБ-мен сотқа жолданған.

Сот процесінде сотталушының кінәсі толығымен өз дәлелін тауып, сот үкімімен 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Осыған орай, Банк қызметін алу кезінде немесе банк қызметкері ретінде хабарласып, күдікті операция жасалғаны туралы хабарламаға (Сіздің атыңыздан несие алғаны, қаражат аударылғаны туралы және т.б.) сенбеуге шақырамыз!", - дейді прокуратура өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети