Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты

Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты Видео кадры

Алакөлдегі демалыс базаларының бірінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөлдегі демалыс базаларының бірінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалғасы

Ведомство мәліметінше, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан.

"Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен мыңнан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар жұмылды. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Демалушылар өздігінен үйлерден кетіп жатыр. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды.

Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника келе жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети