Алакөлдегі заңға сай келмейтін базалар жабылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөлдегі заңға сай келмейтін базалар жабылуы мүмкін ©News.gazeta.kz

Табиғатты қорғау заңнамаларының бұзылуына байланысты Алакөлдегі демалыс базаларының бір бөлігі жабылуы мүмкін деп хабарлайды Yk-news. Қазір көлдің жағасы түгел демалыс базасына толып кеткен. Бірақ туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы нашар, жайлы апартамент орнына металл вагондар мен ағаш дәретхана ұсынылады. Прокуратура қызметкерлері база қожайындарына аумақты тиісті ретке келтіруге үш ай мерзім берді, егер талап орындалмаса, кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. "Алакөлдегі демалыс орындары бұрыннан кешенді тексеруді қажет етіп келді. Соңғы кездері табиғаты әсем бұл жер бүкіл Қазақстанның ғана емес, көрші елдердің де туристері келетін орталыққа айналды. Жергілікті турбазалардың барлық көрсеткіш бойынша талапқа сәйкес келмеуі - өз алдына бөлек мәселе. Бізді жазғы мезгілдегі туристердің қауіпсіздігімен және санитарлық талаптармен байланысты аспектілер алаңдатып отыр. Өзекті мәселелердің бірі - табиғатты қорғау заңнамаларының орындалуы. Егер жинақтап айтсақ, демалыс базаларында тазалық болуы керек, туристер жайлылықта өмір сүруі тиіс, ал бұл жердің бірегей табиғатына ешқандай қауіп төнбеуі тиіс, әсіресе, табиғатқа адам қауіп төндірмеуі керек", - дейді Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов. Прокурордың айтуынша, тексерістердің нәтижесінде Алакөлдегі базалардың жартысына жуығының қандай да бір талаптарға сай келмейтіні анықталды. Қожайындардың көбі заңбұзушылықтарды жоюға тырыспайды екен. "Біз табандылық танытып отырмыз - егер туристік аймақ қожайындары заңнамаларға бағынбайтын болса, біз оларды түгел жаппақпыз. Егер база иелері, кешіріңіздер мені, жақсы дәретхана аша алмаса, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасай алмаса, бірақ туристерден тәулігіне 10-15 мыңнан алып отырса - бұл жарамайды. Табыс тапқың келсе - талапқа сай бол!" - дейді прокурор.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети