Алакөлден гөрі Түркия мен Араб Әмірліктерінде демалған арзан - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөлден гөрі Түркия мен Араб Әмірліктерінде демалған арзан - Мұхамедиұлы © Eurasiatravel.kz

EXPO-2017 медиаорталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда ішкі туризм қашан арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 медиаорталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда ішкі туризм қашан арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жасыратыны жоқ, Алакөлден гөрі Түркия, Араб Әмірліктеріне барып демалған арзан. Әрине, біздегі бағалардың тым жоғары болуы бәрінің шымбайына батып отыр. Бірақ баламалар, ұсыныстар көбейгенде ғана бағалар арзандайды. Ал біз ішкі туризм шарықтап дамуына мүдделіміз", - дейді Мұхамедиұлы журналистер сұрақтарына жауап беріп. 

Оның айтуынша, Қазақстанның туристік ресурсы шектеулі болғандықтан, демалыс аймақтарының иелері бағаны әзірге түсірмейді. 

"Кең ауқымды істер басталған кезде бағалар төмендейді. Сол үшін біз қаурыт жұмыс үстіндеміз. 2020 жылға дейін туризмді дамыту концепциясы деген не? Бұл жай ғана бағдарлама емес, қабылдап, жаба салатын. Оның заңға тәуелді актілері болады. Ол актілерді барлық орган орындауға міндетті болады. Біздің концепция тезірек қабылданып, оны іске асыруға асықпыз", - дейді министр.  

Туристік қызмет концепциясын дамыту ертең, 27 маусымда Дүниежүзілік туристік ұйымдардың бас хатшысы Талеб Рифан қонақ ретінде шақырылған үкімет отырысында талқыланатынын айта кетті министр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети