Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Алакөлдің мұзынан 15 балықшы құтқарылды

30 Қаңтар 2014, 13:17
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көлінің мұзынан 15 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтық ТЖД мәліметінше, 29 қаңтар күні кешке қатты боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан осы кезде көлде болған балықшылар жолдан адасып, жағаға шыға алмай қалған. Осыған байланысты Алакөл судан-құтқару станциясының қызметкерлері балықшыларды апаттан құтқаруға көмекке келген.

"Алакөл көлінің мұзынан бес бірдей жеңіл автокөліктің ішінде отырған 15 балықшы көліктерімен бірге жағаға шығарылды" делінген аталмыш мекеменің хабарламасында. Сонымен бірге құтқарушылар жәбірленушілердің барлығын Қабанбай ауылына дейін шығарып салған.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Қарағанды облысы Балқаш көлінде ВАЗ автокөлігі мұз астына батып кеткен болатын. Осының салдарынан 44 жасар жүргізуші қаза болған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай