Алатау: Қазақстанға жаңа қала не үшін қажет?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: zhardem.kz Фото: zhardem.kz

Ұлттық экономика министрлігі жаңадан құрылған Алатау қаласы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрлігі жаңадан құрылған Алатау қаласы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының ("Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы") жоспарын әзірлепті.

Жоспарға сәйкес министрлік Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

"Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияны, технологияны, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Үкімет арнайы экономикалық аймақ аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту, G4 City арнайы экономикалық аймағын Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі арнайы экономикалық аймақ аумағына жатқызылады.

АЭА аумағында қызметтің басым түрлері бойынша 17 атау негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 12,5 триллион теңгеге 170-тен аса жобаны орналастыру көзделіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа қала пайда болғаны хабарланды. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілді. Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, қаланың ауданы - 88 мың гектар. Онда бүгінде 52,7 мың адам тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro