Алаяқтар Қазақстан қор биржасының жалған сайттарын жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алаяқтар KASE Қазақстан қор биржасының жалған веб-сайтын жасап, брокерлердің атынан ақшаларын тиімді инвестициялауды ұсынаып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алаяқтар KASE Қазақстан қор биржасының жалған веб-сайтын жасап, брокерлердің атынан ақшаларын тиімді инвестициялауды ұсынаып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE баспасөз қызметінің мәліметінше, олар өз жарналамаларында KASE логотипін немесе KASE қызметкерлерінің фотосуреттерін пайдаланып, жалған сайттар құрады. Жақында желіде пайда болған жалған сайт: http://kasekz2022.tilda.ws

Ал KASE-нің ресми сайты: https://kase.kz.

"Биржа азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің қулықтарына түспеуге шақырады. KASE ресми түрде Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алу үшін жеке немесе заңды тұлғаларға ешқашан өз қызметтерін ұсынбайтынын мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы болып табылады және тек қаржы ұйымдарымен (банктермен және брокерлік ұйымдармен) тікелей өзара іс-қимыл жасайды, оларға Биржаның сауда-саттық жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Биржаның сауда-саттық жүйесіне тікелей қосыла алатын және онда мәмілелер жасай алатын ұйымдар Биржаның мүшелері.

"Брокерлік ұйымдармен байланыста болған кезде абай болыңыз. Олар жеке инвесторларға қызмет көрсетеді және жеке клиенттердің атынан Биржаның сауда-саттық жүйесінде операциялар жасай алатын брокерлік ұйымдар. Бұл жағдайда алаяқтар көбінесе осындай ұйымдардың атынан әрекет етеді", - деп толықтырылған хабарлама.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro