Алаяқтар қазақстандықтарды Чехияда заңсыз жұмысқа орналастырып жатыр. Бұл туралы брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ-тарда Қазақстанның кейбір азаматтарының "шетелде жоғары жалақы беретін жұмыс тауып беремін" деген халықаралық деңгейдегі алақтардың құрбаны болғаны жайлы хабарланған болатын.
"Осындай ұсыныстарға сенген қазақстандықтар Ұлыбританияда жұмысқа тұру үшін қомақты сомада қаражат аударған. Бірақ соңында олар жұмыссыз қалған. Алаяқтардың осы әрекеттерінен шамамен 20 адамның зардап шеккен. Олар Қазақстандағы жалған фирмалар арқылы туристік визалар алып, Чехияға ақша табуға барған. Еліміздегі жалған туристік фирмалар берген виза Чехияда жұмыс істеуге құқық бермейді және оны созуға немесе қайта рәсімдеуге болмайды", - деді Смадияров.
Қазіргі уақытта осы жағдайға тап болған қазақстандықтардың енді қайтуға билет ала алмай отырғаны айтылады.
Осыған байланысты министрлік өкілдері қазақстандықтардан шетелде жұмысқа орналасу үшін фирмаларға өтініш бергенде туристік фирмалар берген визаның Еуропа елдерінде жұмыс істеу құқығын бермейтінін есте сақтауға шақырып, мұқият болуға кеңес береді.