Алаяқтар “мұғалім“ болып мектеп оқушыларына қоңырау шала бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар “мұғалім“ болып мектеп оқушыларына қоңырау шала бастады Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа схема туралы

"Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстырып жатыр. "Электрон күнделікті жаңарту" деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодты сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодты пайдаланып, "Электрон үкімет" жүйесіне, онлайн банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.

Ата-аналарға кеңес

Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар:

  • қандай жағдайда да SMS арқылы келген кодты ешкімге бермеу;
  • қоңырау шалған адам өзін мұғалім немесе мектеп қызметкерімін десе де, бірден ата-анасына хабарласу;
  • күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу.

"Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети