25 желтоқсан 2023 | 16:00

"Алаяқтарға ақша бергенмен бірдей" - министр "Әнипа Назарбаеваның базары" туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен Қазақстан экс-президентінің қарындасы Әнипа Назарбаева бұрын иелік еткен "Кенжехан" базарындағы тексерулер туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен Қазақстан экс-президентінің қарындасы Әнипа Назарбаева бұрын иелік еткен "Кенжехан" базарындағы тексерулер туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін Әнипа Назарбаеваға тиесілі болған "Кенжехан" базарының саудагерлері контейнерлерге екі рет төлеуге мәжбүр болғанын айтып шағымданды: Базар тексерілді ме, жағдай қалай шешілді?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.

"Жазда "Кенжехан" базарының өкілдерімен кездестік. Шынында да, бұл мәселе көтерілді - коммуналдық тұрақ және контейнерлерді орнатуға заңсыз рұқсаттар беру. Бұл мәселені тапсырдық, жергілікті атқарушы органдардан араласуды сұрадық. Олар оны қарастырды. Шынында да, келісімдер туралы мәселе бар. Бұл үшін ақша алған", – деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Министр мұндай мәселелерде әсіресе, кәсіпкерлердің барлық тәуекелді түсініп, заң тұрғысынан сауатты болуы маңызды екенін айтты.

"Қоғамдық орынға контейнер қойып, шығынды талап етуге болмайды. Бұл алаяқтарға ақша бергенмен бірдей. Көшуге қатысты мәселеге келсек, тұрғындардың түсініспеушілігі базар әкімшілігіне жеткізілді, олар жағдайды шешуге уәде берді", - деді Шаққалиев.

БАҚ өкілдері Әнипа Назарбаева әлі күнге дейін "Кенжехан" базарының қожайындарының бірі ме деп сұрады. Министр бұл сұраққа жауап бермеді.

"Базар иелері туралы, білесіз бе?... Бізді сауда объектісі ретіндегі базар жағдайы қызықтырады. Бұл сұрақ өзекті: кім, қайда, неге? Айтарымыз: бұл ақпарат заңды тізілімде бар, Әділет министрлігінде сұрау жасауға болады, кім иесі. Бізге заңдылық жағдайы және ең алдымен сауда объектісінің тиісті жұмысы. Біз субъектілерге емес, объектіге, ең алдымен инфрақұрылымның жай - күйіне назар аударамыз", - деді сауда министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети